Пікір

Дамуға бастайтын бастамалар

Қази Ысқалиев,

Байнассай ауылдық округі бойынша аудан әкімінің қоғамдық көмекшісі,

Мәртөк ауданы.

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында маңызды, өзекті мәселелер айтылып, жаңа реформалар ұсынылды. Бұл жолғы Жолдау нақты стратегиялық құжат болды. Себебі ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында уақыт талабына сай даму үшін негізгі бағыттар мен батыл қадамдарды айқындап көрсетіп берді. Оның ішінде денсаулық сақтау, білім, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік салаларына ерекше назар аударылып, халықтың жағдайын жақсарту мақсатында жаңа жобаларды бастауға пәрмен берілді.

Сондай-ақ Жолдауда ауыл әкімдерін сайлау, қоғамдық кеңестің жұмысын жандандыру, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мәртебесін көтеру, жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық мүмкіндігін нығайту мәселелері де көтерілді. Бұлардың барлығы — еліміздің өркендеуіне тың серпін беретін, халық пен билік арасында тығыз байланыс орнататын бастамалар.

Мен Президенттің биылғы Жолдауында айтылған реформалар мен бастамаларды қолдай отырып, олардың тұрғындардың тұрмысының жақсаруына жол ашатынына сенемін. Қазіргі қиын кезеңде біз ел болып, Мемлекет басшысының саясатын қолдап, бір жеңнен қол, «бір жағадан бас» шығарып, Қазақстанның дамуы жолында ерінбей еңбек етуіміз керек. Ең бастысы, халқымыз мына індеттен аман шығып, ел іргесі берік болсын!

Басқа жаңалықтар

Back to top button