Құқық

 «Қару» қаруыңызды тексереді

Бақылау

1 қыркүйекте облыстағы азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау мақсатында «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі берген дерек бойынша, аталған іс-шара 30 қыркүйекке дейін жалғаспақ.

1-7 қыркүйек аралығында жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде 128 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған, оның ішінде қаруды заңсыз сақтағаны үшін – 6, қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзғаны үшін — 91 және қаруды қайта тіркеуді бұзғаны үшін 31 дерек анықталған. Мәселен, 3 қыркүйекте Қазақстаннан Ресейге өту кезінде 36 жастағы Қырғызстан Республикасы азаматының басқаруындағы «Мерседес Бенц» автокөлігін тексеру кезінде үй заттарының астындағы жол сөмкесінен 2 дана электрошокер табылған.  Заңсыз қару айналымынан барлығы 4 бірлік тегіс ұңғылы қару, сондай-ақ Мәртөк, Шалқар аудандарынан 3 бірлік электрошокер тәркіленген.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button