Пікір

Білім беру проблемалары ашып айтылды

Абай ДҮЙСЕНБАЕВ,

С.Бәйішев университеті білім берудің жоғары мектебінің деканы,

 педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор:

Халық шын мәнінде Ел Президентінің осы Жолдауын асыға күтті. Оның басты себебі, әлемді жайлаған пандемияның ауыртпалығы елдің рухын түсірмесе де, әлеуметтік-қаржылық дағдарысқа әкеп соқты.

Енді Жолдаудың негізгі түйіні туралы айтар болсақ, елді басқару жүйесі, экономиканы тұрақтандыру, шикізат өндіруден өңдеу саласын нығайтуға көшу, бір сөзбен айтқанда, өнеркәсіпті өркендету, ауыл шаруашылығын ілгерілету, аймақтарды дамытудың тепе-теңдігі, халықтың әлеуметтік жағдайы, қолжетімді сапалы білім, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, экология мен табиғатты қорғау, азаматтардың мүддесін қорғау, сандық технологияға көшу, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы, ұлттың жаңа болмысы тәрізді мәселелерге жан-жақты көңіл бөлінген.

Қазақ елі ғана емес, әлемдегі өркениетті елдердің бәрі де аталған мәселелерді өз елдерінде өз деңгейінде шешуде. Президент бұл Жолдауының «Қолжетімді сапалы білім» деп аталатын бағытында қашықтан оқытудың проблемаларын қозғай келіп, біздің білім беру жүйесіндегі кемшіліктерді нақты қадап айтады. Яғни: «Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн-платформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні WhatsApp-тан бас көтермейтін болды» деп, еліміздегі ұлттық білім беру платформасын жасауды негізге алады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы алдағы уақытта біртіндеп дәстүрлі оқыту жүйесіне көшуге жағдай жасауды тапсырды. Оның негізі мектеп оқушыларының қоғаммен араласып сапалы білім алуына бағытталады.

Тағы да өзекті мәселеге айналған мектеп ұстаздарының жалақысын көтеруді күн тәртібінен түсірмеуді маңызды мәселе деп біледі. Президент өз Жолдауында: «Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25  пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді» деп келтіреді.

Осының барлығы еңбек адамына қамқорлық, нақты қолдау деп білеміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button