Абай — 175

Ақылай — белсенді оқырман

ҚР Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ұлттың санасын жаңғырту және  бәсекеге қабілетті  ұлт қылып таныстыру үшін  Абайдың  шығармаларын  мұкият  оқу керектігіне  тоқталды. «Әр қазақтың төрінде  домбыра тұруға тиіс» деген ұғым қалыптасқаны сияқты, әр  шаңырақта Абайдың  кітабы мен  Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы тұруы керек деп санайды.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай №7 Ясный селолық кітапханасы да бірқатар іс-шаралар өткізді. Атап айтсақ, қалалық Мәдениет үйі ұйымдастырған «Абайды оқы, әлем сені танысын!» байқауына  кітапхана  оқырманы, №41 мектеп-гимназияның  7-сынып оқушысы Ақылай Полатова қатысып, Абайдың 28 қарасөзін жатқа оқыды.

Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен «Көркем сөздің асылы — поэзия» атты Абай өлеңдерін оқу эстафетасына кітапханамыздың белсенді оқырмандары Ақылай Полатова, Көркем Құралтаева, Амина Ізбасар, Нұрай Бекболатовалар қатысты.

Әлеуметтік желі арқылы ұйымдастырылған «Абай мұрасы — халық қазынасы» атты оқырмандар бейнелентасына Ақылай Полатова мен Назерке Абдинабиева қатысып, Абайдың 31-ші қарасөзін оқып берді.

10 тамыз «Абай күні» болып жариялануына байланысты  Абай даңғылында «Әлем таныған ұлы Абай» атты халықпен сұбхаттасу шарасы өткізілді. Сол шараға  кітапхана оқырманы Ақылай Полатова қатысып, Абайдың бірнеше қарасөзі мен бірқатар өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Ақын шығармаларын ерінбей оқып, жаттап алған оқушыларды көріп, Абай дәстүрін  жалғастырушылар тобы молая түскеніне тағы бір көзіміз жеткендей.

 Базаргүл КЕНЕТАЕВА, 

№7 Ясный ауылдық кітапханасының меңгерушісі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button