АуылБасты жаңалықтар

Алтықарасуда жол салынып жатыр

Темір ауданының Алтықарасу ауылында мемлекеттік бағдарлама бойынша автокөлік жолының құрылысы жүргізіліп жатыр. Аталған іске жергілікті 9 азамат жұмысқа тартылды.

Бүгінгі таңда ұзындығы 2,165 шақырым жол құрылысы салынуда. Мамандар ескі жол төсемін алып, жаңадан асфальт төсеп жатқанын айтады. «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жүзеге асырылып жатқан жұмыс тамыз айының соңына дейін аяқталмақ. Жобаның құны — 68 миллион теңге. Ал бас мердігер — «ЗапКазПромСтрой» ЖШС.

Өз кезегінде аудан әкімі жолдың құрылысымен танысып шығып, мердігер компанияға жұмысты сапалы атқаруды тапсырды.

Айта кетейік, бұл тұрғындардың ұзақ жылдардан бері көтеріп келе жатқан мәселелерінің бірі еді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button