Абай — 175

Эстафета басталды

Ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі  2019-2020 жылдарды қамтитын екі жылдық «Абай әлемі» акциясын жариялаған болатын.

Осы ауқымды акция аясында кітапхана қызметкерлері көптеген іс-шаралар өткізіп келеді. Мәселен, жылжымалы кітап көрмелері, өзге ұлт өкілдері арасында ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы, көше жүргіншілері арасында бүктеме тарату, Абайдың әнін айтуды ұйымдастыру сынды ақынның өмірі мен шығармашылығын көпшілікке барынша насихаттау мақсатында бірқатар шаралар өткізілді.

Жақында «Абайдың қарасөздері» тақырыбында кітапхана оқырмандары арасында эстафета басталды. Оған ауданның кез келген тұрғыны қатыса алады.  Оқырмандар арасында Абайдың қарасөздерін насихаттау, ақын шығармаларын ел болып оқуға шақыру, рухани мұрамызды сақтауға үлес қосу мақсатындағы бұл шараны biblioteka_kargala инстаграм парақшасынан тамашалауға болады.

Жанат ТҮЛКІБАЕВА,

аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы.

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button