Абай — 175

Асланның жүлдесі

Қарғалы аудандық Мәдениет үйі онлайн режимінде Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Абай әуендері» атты аудандық ән байқауын өткізді.

Байқауға оқушылар және аудан жастары белсене қатысты. Ереже бойынша байқауға қатысушылар Абайдың бір әнін орындап, бейнетаспаға түсіруі тиіс болатын. Байқауға қатысушылардың өнерін арнайы құрылған қазылар алқасы сарапқа салды.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені  Жосалы ауылының өнерпазы Аслан Досболаев еншіледі, аудан өнерпазы Полина Заглядова І орынға ие болса, ІІ орынды Ш.Қалдаяқов ауылының өнерпаздары Ғалия мен Мирхан қанағат тұтты. Петропавлдық Нұрсая Қожагелдина және степнойлық өнерпаз Қорлан Динжанова ІІІ орынды тең бөлісті.

Аудандық Мәдениет үйі директорының міндетін атқарушы Шапағат Аманжол байқауға қатысушылардың үйлеріне барып, жүлде иегерлеріне дипломдар мен сыйлықтар табыстады.

 Бақыт ИМАШЕВ,

Қарғалы ауданы. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button