Жаңалықтар

Маңызды мәселелер қаралды

Сессия

«Облыстық мәслихаттың кезекті қырық бесінші сессиясында облыс әкімі Оңдасын Оразалин депутаттар алдында өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға қатысты өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалу жайы туралы есеп берді», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс басшысы  бүгінгі күнгі істің жай-күйін нақты баяндап, облыстың даму перспективаларына тоқталды. Жедел шешілуі қажет мәселелер айтылды. Сессия барысында облыстық мәслихат депутаттары облыс басшысына өзекті сұрақтар қойды. Бүгінгі күннің өткір жағдайын ескере отырып, облыс әкіміне коронавирус пандемиясымен күресуге, қашықтан оқытуға, экологияға және жолдарды жөндеуге облыстық бюджеттен қаражат бөлу жөнінде сауалдар қойылды.

Облыс әкімі өңірдегі жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шараларды атап өтті.

Екінші мәселе бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйінтаеваның облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №473 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, бюджет қаржысының едәуір бөлігі мал шаруашылығын субсидиялауға, құрылыс, денсаулық сақтау және білім беру, жол құрылысы және инфрақұрылымды дамытудың басқа да түрлеріне бөлінген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button