Жаңалықтар

Дүкеннен шыққан өрт сөндірілді

Әбілқайыр хан даңғылы, 58 «г» мекенжайында орналасқан «Әлібек» дүкенінен түтін шығып жатқаны туралы өрт сөндіру қызметіне хабарлама келіп түсті.

Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 14 адам және 3 автокөлік оқиға орнына дереу жетті. Өрт аталған дүкеннен шыққан. Тілсіз жауды сөндірген Алмат Кошиев пен Ербол Мүслім өз өмірлерін қатерге тіге отырып,еш қаймықпастан батылдық танытып, қауіпсіз жерге екі оттегі баллонын алып шықты. Осылайша жарылыстың алдын алды. Өрттен зардап шеккендер жоқ.

 Айсұлу САРИЕВА,

Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММбаспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button