Жаңалықтар

Өмірлік тәжірибесімен бөлісті

Кездесу

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілері «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры, Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Раукен Отыншинмен кездесті.

Кездесудің мақсаты — мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына ықпал ету, олардың жаңа лауазымдағы жауапкершіліктеріне бейімделуіне көмектесу және мемлекеттік қызметтегі тиімділік пен көшбасшылық қабілеттерін арттыру болды.

Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясы өңірлік филиалының білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің жетекші сарапшысы Марта Иманова кездесуге қайта даярлау курсына келген мемлекеттік қызметшілер қатысып отырғанын айтты.

«Ақтөбе Медиа» директоры Раукен Отыншин биыл облыстық «Ақтөбе» газетінің шыға бастағанына 100 жыл, «Актюбинский вестник» газетіне 106 жыл толғанын, ғасырлық тарихы бароблыстық басылымдарда журналистердің бірнеше буыны еңбек еткенін,қалам иелері өздері куә болған кезеңдер мен уақыттың шежіресін жазғанын, әлі де жазып келе жатқанын сөз етті.Сонымен қатар өзінің де жас кезінде осы облыстық «Ақтөбе» газетіне корректордың көмекшісі болып қабылданып, жұмыс істегенін, кейін 20 жылдан соң осы ұжымға басшы болып келгенін де әңгімеледі. Сондай-ақ компания басшысы мемлекеттік қызметтегі қиындықтар мен өзгерістерге бейімделудің маңыздылығын түсіндіріп, өзінің тәжірибесімен бөлісті. Ол қатысушыларға өздерінің қызметтерінде жаңа көзқарас қалыптастырып, қоғам игілігіне жұмыс істеуде белсенді болуға шақырды. Кездесу соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, редакция музейіндегі облыстық газеттердің тігінділерін, журналистер қолданған ескі фотоаппараттар мен машинкаларды, баспасөз ісіне қатысты құралдарды тамашалады.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button