Басты жаңалықтар

Экологиялық мәселелерді кешенді шешудің жол картасы жасалады

Экология министрлігі Ақтөбе облысында экологиялық тұрақтандырудың кешенді шараларын іске асыруды жоспарлауда. Ақтөбеліктер министрлікке өңірдің экологиялық проблемаларын шешу жоспарын құруға көмектеседі.
Ақтөбе облысының эко-белсенділері мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мамандары облыстың экологиялық проблемаларын кешенді шешудің жол картасын әзірлейді. Бұл туралы министр Мағзұм Мырзағалиев өзініңTwitter-дегі парақшасында хабарлады.

Ақтөбе облысы жұртшылығы өңірдегі экологиялық ахуал туралы  әлеуметтік желіде бірқатар мәселелер көтеруде. Бүгін эко-белсенділермен, жұртшылықпен осы себеппен онлайн-кездесу өткіздік. Қатысушылар атмосфералық ауаны мониторингілеу, ластаушы көздер туралы толғандырған мәселелерді, сондай-ақ проблемаларды шешудегі өз көзқарастарын білдірді. Кездесу қорытындысында эко-белсенділермен бірге жақын аралықта эмиссияларды қысқарту, жасыл белдеуді дамыту, өндіріс қалдықтарын басқару шараларын қарастыратын облыстың экологиялық проблемаларын кешенді шешудің жол картасын жасап, бекіту келісілді, — деп хабарлады М.Мырзағалиев.

Ол өз сөзінде бұл шаралардың барлығы кейін Ақтөбе облысы әкімдігімен бірге іске асырылатынын айтып: «Осы жұмыстарға үн қосқан ақтөбеліктерге алғыс білдіремін. Барлығымыз бірге айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе аламыз», — деп ризашылық білдірді.
Оның айтуынша, министрлік еліміздің басқа өңірлерінде де осындай кездесулер ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button