Басты жаңалықтар

Азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу тапсырылды 

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен аппарат жиыны өтті. Оған облыс әкімінің орынбасарлары, департамент, басқарма басшылары, селекторлық режимде қала, аудан әкімдері қатысты.

Облыс басшысы алдымен Үкімет отырысында көтерілген мәселелердің Ақтөбе өңірінде жүзеге асырылуын пысықтады. Облыста өкпе қабынуынан емделіп шыққандар саны артқаны атап өтілді.

Облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

2020 жылдың 1-жартыжылдығында өңірде республика бойынша бағаның ең төмен өсуі байқалып, инфляция 103,3%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бойынша — 107,8%, азық-түлік емес тауарлар— 102,6%, ақылы қызметтер бойынша— 98,1%.

Статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес,өткен аптамен салыстырғанда, картоп бағасы—18%, басты пияз —3%, өсімдік майы 0,2% және тауық еті 3,8%-ға төмендеген. Дегенмен өндірушілердің босату бағасының өзгеруіне байланысты азық-түлік өнімдерінің бағасы 7,9%-ға қымбаттаған. Бидай бағасының өсуіне байланысты ұн тарту кәсіпорны —«Жаңа Әлжан ұн комбинаты» —ұн бағасын 1 маусымнан бастап 13%-ға қымбаттатқан.

Облыс әкімі бағаны негізсіз өсіргендерге шара қолданбаған облыстың бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті басшылығының дәрменсіздігін сынға алды.

«Ең маңызды саналатын азық-түлік бағасы неге қадағаланбайды? Және бағаны өсірудің алдыналу үшін қажетті шараларды қабылдамай, әлсіздік көрсетіп отырсыздар. Осы мәселе бойынша тиісті жұмыстар жасалсын»,—деді Оңдасын Оразалин.

Ақтөбе қаласы және облыс аудандары әкімдіктерінің күнделікті мониторингіне сәйкес ағымдағы жылдың 30 маусымынан 24 шілдесіне дейінгі аралықта Шалқар ауданында 11 бағытта, Қобда — 8, Ойыл және Хромтау— 7, Ақтөбе қаласы, Алға және Байғанин аудандарында 6 бағытта баға жоғарылаған.

Өңірде әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түліктің 15 түрі өндіріледі. 2020 жылдың 20 шілдесінде Ақтөбе қаласында бағаны тұрақтандыру мақсатында ұсақ көтерме сауда орталығы ашылды. Қалада 1қыркүйекке дейін мұндай орталық санын 20-ға жеткізу көзделген.

Облысбасшысы аудандардың әкімдеріне «Ақтөбе» ӘКК-мен бірлесіп, өздерінде осындай орталықтарды ашу мәселесін пысықтау қажеттігін айтты.

Облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет БАҚ және әлеуметтік желілермен жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндай келе, Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыру, тұрғындармен жан-жақты кері байланыс орнату жұмыстарын одан әрі жандандыру қажеттігін атап өтті.

Экология департаментінің басшысы Нұржан Аққұл «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ-мен анықталған заңсыз орналасқан қалдықтарды жою бойынша тапсырманың орындалу барысы туралы облыс басшысына хабарлады. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин жер учаскелеріндегі заңсыз орналасқан қалдықтарды 1 ай мерзім ішінде жою кестесін бекіткен. Кестеге сәйкес 617 жер учаскесі анықталып, 10 күн ішінде 70-і жойылған. «Қазақстан ғарыш сапары» АҚ 2020 жылға ғарыштық түсірілімінәтижесінде жаңадан 52 жер учаскесі анықталып, ол бойынша әкімдіктерге хат жолданған. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде 8-775-952-49-00 нөмірінде телефоны бекітілген. Желіге 45 арыз түскен. Сонымен қатар табиғаттықорғау полициясы мен жергілікті полиция қызметкерлері қоқыс төккен азаматтарды анықтау жұмыстарын жасауда.

Облыс әкімі заңсыз орналасқан қалдықтарды жою жұмысын жандандыруды, ол үшін қажетті  шараларды ұйымдастыру қажеттігін айтты.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.  

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button