Ауыл

Дәрі жеткізілді, енді дәріхана ашылады

Көмек

Мұғалжар ауданындағы біраз медициналық мекемелер дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.

Атап айтсақ, аудандық орталық ауруханаға қарасты Қаракөл дəрігерлік амбулаториясына, Ембі аудандық ауруханасына қарасты Қайыңды дәрігерлік  амбулаториясына, сондай-ақ Ащысай жəне Құмсай ауылындағы медициналық пункттерге гуманитарлық көмек ретінде келген дәрі-дәрмектер жеткізілді.

Алдағы күндері дәрі-дәрмектер  Мұғалжар жəне Жағабұлақ ауылдарындағы медициналық пункттерге жеткізілетін болады.

Сонымен қатар Ембі аудандық ауруханасының басшылығы «Желдорфармация» басшылығымен келіссөздер жүргізіп, Мұғалжар жəне Жағабұлақ ауылдарынан шағын дəріхана ашуды жоспарлап отыр.

Жандос АЙТЖАН,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button