Ауыл

Бес қойдың еті үлестірілді

Жақыныңа жанашыр бол!

Талдысай ауылдық округі «Дəурен» шаруа қожалығының басшысы Дəурен Қалдиннің көмегімен Мұғалжар аудандық орталық ауруханасының провизорлық жəне инфекциялық бөлімшелерінің емделушілеріне және күні-түні науқастардың жанынан табылып жүрген ақ халатты абзал жандарға 5 қойдың еті үлестірілді.

Игі іске Талдысай ауылдық округінің әкімі Қазыбек Аққайыр ұйытқы болыпты. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Мейіржан Кенжебаев осындай карантин кезеңінде медицина қызметкерлері мен науқастарға қол ұшын созған қожалық иесі Дәурен Қалдинге ризашылығын білдірді.

Қандыағаш пен Ембі қалаларындағы ауруханаларға кəсіпкерлер мен шаруа қожалық иелері тарапынан осындай игі шаралар жүргізілуде.

Жандос АЙТЖАН,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button