«Серпін» бағдарламасы: 5 облыс талапкерлері үшін 373 грант бөлінді
Талапкер-2020
«Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне 373 грант бөлінді.
Гранттар 16 білім беру бағдарламасы бойынша бөлініп отыр. Оның арасында «Ақпараттық технологиялар» білім берубағдарламасына мемлекеттік сұраныс көп: 100 грант. Сондай-ақ «Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру» (50 грант), «Азық-түлік өнімдерінің өндірісі» (40 грант), «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» (35 грант), «Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс» (35 грант) білім беру бағдарламаларына да біраз мемлекеттік тапсырыс бөлініпті.
— «Серпін» бағдарламасы бойынша да талапкерлерден құжат екі тәсіл бойынша қабылданып жатыр. Бірі — egov электронды үкімет порталы арқылы, екіншісі виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы қабылдануда, — дейді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасындағы қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Рауан Жалтырбаева.
Айта кету керек, Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен «Серпін-2050» бағдарламасы елімізде 2014 жылдан бастап жүзеге асырылып жатыр.
— Біздің университет сол жылдан бастап аталған жобаны іске асыруға қатысатын жоғары оқу орнының бірі ретінде бекітілді. Жобаның басты мақсаты — білікті мамандар даярлау, жастарға қолдау көрсету, олардың мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алуларына мүмкіндік жасау, түлектерді жұмыспен қамту, — дейді Рауан Жалтырбаева.
«Серпін» бағдарламасы бойынша берілетін гранттарға Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының талапкерлері ие бола алады. Неліктен бұл өңірлер таңдалды?
— Себебі аталған облыстарда демографиялық өсім жақсы. Сондай-ақ бұл өңірлерге басқа аймақтардан көшіп келушілер көп. Алайда әлеуметтік нысандар аз. Мектеп пен балабақшаларда орын тапшы. Жұмыссыздар да көп. Еліміздің кейбір облыстарында бала туу деңгейі төмен. Мамандарға сұраныс жоғары. «Серпін» мемлекеттік бағдарламасының арқасында осы мәселелер шешіледі. Жоғарыда аталған 5 облыстың жастары Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Өскемен, Семей, тағы да басқа қалалардағы жоғары оқу орындарында білім алады, — дейді Рауан Жалтырбаева.
Оныңайтуынша, «Серпін» жобасыаясындакөптегенмамандықбойыншагранттарбөлініпотыр. Педагогикалық, ауылшаруашылығы мен ветеринария, техникалық,медициналықбағыттарбойыншажастардыңмемлекеттіктапсырыснегізіндебілімалуынамүмкіндіктері бар.
КОДЫ | БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТОБЫНЫҢ АТАУЛАРЫ | САНЫ | ||
В002 | МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ | 35 | ||
В005 | ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУ | 15 | ||
В009 | МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУ | 5 | ||
В010 | ФИЗИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУ | 6 | ||
В011 | ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУ | 7 | ||
В013 | БИОЛОГИЯ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУ | 5 | ||
В014 | ГЕОГРАФИЯ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУ | 5 | ||
В015 | ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУ | 5 | ||
В018 | ШЕТ ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУ | 15 | ||
В057 | АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР | 100 | ||
В060 | ХИМИЯЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ ЖӘНЕ ПРОЦЕСТЕР | 10 | ||
В062 | ЭЛЕКТР ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА | 25 | ||
В068 | АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ӨНДІРІСІ | 40 | ||
В070 | ТОҚЫМА: КИІМ, АЯҚ КИІМ ЖӘНЕ БЫЛҒАРЫ БҰЙЫМДАРЫ | 15 | ||
В071 | ТАУ-КЕН ІСІ ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ | 50 | ||
В074 | ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ, ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚҰРЫЛЫС | 35 | ||
БАРЛЫҒЫ: | 373 | |||
Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.