Басты жаңалықтар

… Бір минут үнсіздікпен еске алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен 13 шілде пандемия құрбандарын еске алу үшін Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Бұл күні елдің барлық өңірлеріндегі секілді Ақтөбе облысындағы мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың ғимараттарында да мемлекеттік тулар төмен түсірілді.

Елдің барлық аумағында Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 12.00-де жалпықазақстандық аза тұту минуты жарияланған-ды. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин, облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері қауіпті індеттен көз жұмғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Ақтөбеліктер өңірдің барлық аумағындағы мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың алдына шықты.Еске алу рәсімі қаламыздағы ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақ пен Ақтөбе медициналық орталығының ғимараты алдындағы тутұғырда да өтті.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button