Құқық

Құқыңды біл, алқаби!

Елімізде алқабилер соты 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс жасап келе жатыр. Содан бері төрт жылға жуық уақыт өтсе де, тұрғындар ол туралы әлі толық біле бермейді. Сол білместіктің салдарынан оларды алқабиге үміткер ретінде сотқа шақырып, хабарлама тарату кезінде: «Бұл не? Мен туралы мәліметтерді қайдан алдыңдар, неге мені шақырып жатырсыңдар?» — деп түсініспеушілік танытып, хабарламаны алғылары келмей, қорыққанынан есіктерін ашпай, телефон шалсаң, лақтырып тастап, қайта тұтқаны көтермей, сот мамандарының жұмыстарына қиындықтар туғызуда.

Бұл азаматтардың құқықтық білімінің төмендігінен, жеке азаматтардың азаматтық борышын толық сезінбеуінен орын алып жатыр деп ойлаймын. Осындай  түсінбеушіліктерге байланысты тұрғындарға ҚР «Алқабилер туралы Заңын» түсіндіруді жөн көрдік.

ҚР «Алқабилер туралы Заңы» қылмыстық сот ісін жүргізуге алқабилердің қатысуына байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, алқабилердің құқықтық мәртебесін, тәуелсіздігінің кепілдіктерін, олардың қызметін қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.

Заңда бірнеше сөздердің түсініктері берілген:  Алқаби — соттың қылмыстық істі заңда белгіленген тәртіппен қарауына қатысуға шақырылған және  ант қабылдаған Қазақстан Республикасының     азаматы, ал алқабиге кандидат — Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес кейіннен алқабилерді іріктеу рәсіміне қатысу үшін алқабиге кандидаттардың тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының азаматы;

Алқабилердің құқықтық жағдайы осы Заңда айқындалады. Алқабиге Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен қылмыстық іс бойынша сот төрелігін жүзеге асыруға қатысу жөніндегі өкілеттіктер                                                                                                        берілген.

Қазақстан Республикасының алқабилері тең мәртебеге ие. Алқабилерді іріктеу процесіне Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар жыл сайын алқабиге кандидаттар іріктелетін жыл алдындағы жылдың 1 желтоқсанына алқабиге кандидаттардың тізімдерін жасайды. Алқабиге  кандидаттар қатарына алқабилердің тізімдерін жасау кезінде жиырма бес жасқа толмаған, өтелмеген не алынбаған сотталғандығы бар, сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған  адамдар, судьялар, прокурорлар, тергеушілер, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері, наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған адамдар енгізілмейді.

Алқабиге кандидаттардың тізімдеріне азаматтарды енгізуге шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және  мүліктік  жағдайына,  жынысына,   нәсіліне,  ұлтына,  тіліне, дінге көзқарасына, нанымына тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір шек қоюға жол берілмейді.

Алқабиге кандидаттардың тізімдерінен қылмыстық іс бойынша сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адамдар, өздерінің дене кемістігі немесе психикалық кемістігі салдарынан алқабидің міндеттерін атқаруға қабілетсіз адамдар, алпыс бес жастан асқан адамдар, діни қызметшілер өздерінің жазбаша өтініші бойынша алып тасталады.

Азаматтар жергілікті атқарушы органдардың сауал салуы бойынша алқабиге кандидаттардың тізімдерін жасау үшін қажетті ақпаратты беруге  міндетті, ал ақпаратты бермесе, ол адам заң алдында жауап береді.

Сот отырысының орны мен басталу уақыты туралы хабарлама алған азаматтар алқабилерді іріктеу рәсіміне қатысу үшін сотқа келуге міндетті. Азаматтың дәлелсіз себептермен келмей  қалуы  Қазақстан Республикасының   заңында  белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Алқаби өзінің ішкі нанымы бойынша істің мән-жайын өз бетінше бағалауға және алқабилер алқасының алдына қойылатын сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік алу үшін сотта  қаралатын дәлелдемелерді  зерттеуге  қатысуға, процеске  қатысушыларға  төрағалық етуші арқылы сұрақтар қоюға, заттай дәлелдемелерді, құжаттарды тексеріп қарауға, жерді және үй-жайларды тексеріп қарау ісіне, сот тергеуіндегі барлық басқа да іс-әрекеттерге   қатысуға, төрағалық етушіге заңнама нормаларын, сондай-ақ сот отырысында жария етілген кұжаттардың мазмұнын және іске қатысты, өзіне түсініксіз басқа да  мәселелерді түсіндіруді сұрап  өтініш  жасауға, сот отырысы  кезінде жазбалар жасауға құқылы. Және алқаби сот отырысында  тәртіп сақтауға және төрағалық етушінің заңды өкімдеріне бағынуға,   алқабидің міндеттерін  атқару үшін, сондай-ақ егер сот отырысында үзіліс жарияланған немесе істі тыңдау кейінге қалдырылған жағдайда, сот  талқылауын жалғастыру үшін сот көрсеткен уақытта  келуге, сотқа келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, төрағалық етушіге келмеудің себептері туралы алдын ала хабарлауға міндетті.

Алқабидің істі  тыңдау кезінде сот  отырысының залынан кетуіне, істі тыңдау кезінде сот құрамына кірмейтін адамдармен төрағалық етушінің рұқсатынсыз іс  бойынша сөйлеуіне, істі қарау барысында мәліметтерді сот отырысынан тыс жинауына, жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етуге, сондай-ақ кеңесу бөлмесінің құпиясын  бұзуына болмайды.

Алқабидің өз міндеттерін атқармауы, сондай-ақ осы заң баптарында көзделген шектеулерді сақтамауы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген жауаптылыққа, сондай-ақ төрағалық етушінің алқабиді істі қарауға одан әрі қатысудан шеттету мүмкіндігіне әкеп соғады.

Азаматтар сотта алқабидің міндеттерін атқаруға күнтізбелік жыл ішінде көп дегенде бір рет, қылмыстық іс қаралатын барлық уақытқа шақырылады. Сотқа шақырылған, бірақ алқабилер алқасының құрамына іріктеп алынбаған адамдар басқа сот отырысына алқаби ретінде қатысу үшін тартылуы мүмкін.

Алқаби сотта өз міндеттерін атқарған кезеңде оған судьялардың тәуелсіздігіне,

Алқабиге міндеттерін атқаруына кедергі келтіретін тұлғалар заң алдында жауап беретін болады.

Р.КҮЗЕНБАЕВА,

Ақтөбе облысының қылмыстық

істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

сотының кеңсе меңгерушісі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button