Басты жаңалықтарЭкономика

Қаладағы нысандарды аралады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласында атқарылып жатқан бірқатар жол жөндеу және шаһарды көріктендіру жұмыстарымен танысты.

Ол алдымен бөлме есіктерін шығарумен айналысатын «WestLineDoors»ЖШС-ында болды. 2015 жылы ашылған кәсіпорында 45 адам жұмыс жасайды. Мұнда айына 5000 есік шығарады. Кәсіпорын еліміз бойынша тапсырыстар қабылдайды, заманауи әрі  ұлттық үлгідегі есіктерге сұраныс жоғары.

Бұдан соң облыс басшысы автоцистерна шығаратын «НПО Автотехника» ЖШС автоцистерна шығарушы цех жұмысымен танысты. 2017 жылы жұмыс бастаған цех айына бес цистерна шығарады. Дегенмен, карантиндік  жағдайға байланысты цех жұмысы біршама баяулап қалған. Жоба жетекшісі Ринат Дүйсенбеков сұраныстың күрт төмендегенін, қаржылық қиындықтарға тап болғандығын жеткізді.

Облыс әкімі кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратовқа кәсіпкерге  жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.

Оңдасын Оразалин 2016 жылы «Жас Старт» бағдарламасы аясында ашылған «Nice Hostel Aktobe» хостелі және құрылыс заттарын сататын «Шебер Профи» ЖШС-ның жұмыстарын көрді. Азаматтар көп келетін орындардың қауіпсіздік шараларын бақылады. Бір уақытта  42 азаматқа қызмет көрсетуге арналған хостел Батыс еуропалық үлгіде жасалған. Ақтөбе қаласына келуші қонақтар, шетелдік туристерге ыңғайлы  жағдай қарастырылған. Бұл жерде 11 адам жұмыс жасайды.

Облыс басшысы Есет батыр көшесінде орналасқан  жолаушылар скверін қайта құру ахуалын, сондай-ақ Абай даңғылында жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарын көрді. Скверді қалыпқа келтіру жұмысы мамырдың 25-інде басталады. Мұнда абаттандыру, жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, балалар ойын алаңы, спорттық алаң, аллея салынады.

«АССАНА-ДорСтрой» ЖШС жүргізіп жатқан  Абай даңғылындағы құрылыс жұмысына 120 миллион теңге қаралған. Ұзындығы 2 шақырымға жуық жолды орташа жөндеу осы жылдың шілде айында аяқталады. Қала  әкімі Асхат Шахаровқа аталған  жұмыстардың сапалы әрі  уақытында  атқарылуын қадағалау тапсырылды.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button