БілімБасты жаңалықтар

Соңғы қоңырау: әр түлектің үйінен 2 адам ғана қатысады

25 мамыр күні барлық мектепте соңғы қоңырау рәсімі онлайн режимінде ұйымдастырылады. 3-4 маусымда өтетін мектеп түлектеріне аттестаттар табыс ету шарасына түлектің ата-анасы немесе заңды өкілдерінің қатысуына рұқсат етілген. Дегенмен бір оқушының үйінен тек қана 2 туысынан артық адам қатысуға болмайды.

4-сынып, 9-сынып, 11-сынып оқушылары үшін салтанатты рәсімдер өткізілмейді. Мұны желеу еткізіп, ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салынып отыр. Талап бұзылған жағдайда сол сыныптың мұғалімі мен мектептің басшысы жазаланады. Бұл туралы және білім саласындағы басқа да мәселелер жөнінде, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы облыстық телеарнада өткізілген бағдарламада айтылды. Бағдарламаға облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ облыстық филиалының директоры Өтеген Үркімбаев қатысты.

Күн тәртібінен түспей келе жатқан басты мәселенің бірі — 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақының «жыры». Осы мәселені көтеріп, екінші төлемнің берілмей жатқанын айтып, себебін сұрушылар көп болды.

  • Аталған төлем үшін біздің облыстан 750 мыңға жуық адам өтініш берген болатын. Дегенмен жәрдемақы оның бәріне бірдей тиесілі емес. 225 мыңнан астам өтініш берушінің өтінімдері мақұлданды. Қазір екінші төлем кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр, — деді Бұлбұл Елеусінова.

Қазір бұл төлемді төлеуге байланысты қайтадан тексерулер жүргізіліп жатыр.

  • Соның қорытындысында, кейбір адамдарға екінші рет бұл жәрдемақы тағайындалған жоқ. Сол себепті біраз адамның өтініші осы тексеру кезінде қабылданбай қалуы мүмкін. Дегенмен кімге неліктен түспегенін әр адам үшін жеке, бөлек қарау керек. Заң аясында тиесілі болса, ол азаматқа 42 500 теңге қай уақытта болса да төленеді, — деді Өтеген Үркімбаев.

Қазір біздің облыста төтенше жағдайға байланысты жұмыссыз қалған немесе табысынан айырылған адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Биыл облыстағы 42 мыңнан астам тұрғынды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде жоспардың 30 пайызы орындалыпты.

  • Ақтөбе қаласында «Жұмыспен қамтужол картасы-2020» бағдарламасы аясында көптеген ғимараттар салынып жатыр. Бұл құрылыстар үшін жұмысшылар өте қажет. Еңбекақы көлемі — 85 мың теңге. Жұмысшылардың жұмыстарға сәйкес мамандықтары болса, жалақы көлемі одан да көп болуы мүмкін. Тұрғындар ақылы қоғамдық жұмыс жасауларына, әлеуметтік жұмыс орындарында еңбек етулеріне болады. Сондай-ақ «Жастар тәжірибесі» де бар. Облыс орталығынабаттандыруға байланысты жұмыстар да жүргізіліп жатыр. Мұндағы жұмысшыларға да 85 мың теңгеден астам жалақы төленеді. Ең бастысы, тұрғындардың жұмыс істеуге деген ынтасы болуы тиіс, — деді Б.Елеусінова.

Оның айтуынша, бір ғана талап бар — жұмыс істеуге ниетті азамат тұрғылықты жерлері бойынша жұмыспен қамту бөлімдеріне онлайн режимінде өтінішін жазуы керек. Өтініштер небары 1-ақ күннің ішінде қаралып, тиісінше жұмыс ұсынылатын болады.

25 мамыр күні барлық мектепте соңғы қоңырау рәсімі онлайн режимінде өткізіледі. Бұл шара әр сынып оқушылары үшін жеке-жеке ұйымдастырылады.

3-4 маусымда мектеп бітірушілерге аттестат тапсырылады.

  • Рәсімнің ұзақтығы 40 минуттан аспауы тиіс. Шара мектептегі әр 11-сынып үшін жеке-жеке ұйымдастырылады. Әр шараның арасындағы ұзақтық 20 минуттан аспауы керек. Түлектің аттестат алу рәсіміне баланың ата-анасы немесе заңды өкілдері ғана қатыса алады. Әр түлектің үйінен тек 2-ақ адам ғана қатысады, — деді Ләззат Оразбаева.

Батыс-2 шағын ауданындағы мектептерде оқушылар үш ауысымда оқуға мәжбүр. Мектептерде орын жоқ. «Осы мәселені шешу мақсатында жаңа мектеп салынады ма?» деген сауал қойылды.

  • Батыс-2 және «НұрАқтөбе» шағын аудандарындағы жағдай, расында, қиын болып тұр. Қазір Батыс-2 шағын ауданында 2 жеке мектеп салынып жатыр. Оның біреуі 1200 орындық. Жеке кәсіпкер Білім және ғылым министрлігі жанындағы қаржы орталығымен бірлескен меморандумға қол қойды. Сол келісімге сәйкес, жеке мектеп ашылғанмен, онда оқу процесі мемлекеттік мектептердегі секілді ақысыз өткізіледі. Аталған мектепті 2021 жылдың басына қарай ашу жоспарланып отыр. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин бұл мәселеніжіті бақылап отыр, — деді Ләззат Оразбаева.

Облыстық білім басқармасы басшысының айтуынша, бірнеше күннен бері кейбір қала, аудан мектептеріндегі ата-аналардан«1-сынып, 4-сынып, 9-сынып бітіретін оқушылардансуретке түсуге, мұғалімге сыйлық алуға ақша жиналып жатыр» деген мазмұндағы шағымдар түсіп жатыр. Осыған байланысты өңірдегі барлық мектептердің басшыларымен онлайн режимінде жиындар өткізіліпті.

  • Енді қатаң шара қолдануды жоспарлап отырмыз. Егер де қандай да бір мектептің оқушылары, ата-аналары «сыйлық аламыз, гүл егеміз немесе басқа жағдайлар үшін қаржы жинауымыз қажет» деп ақша жинайтын болса, бұл үшін тікелей сол ата-аналардың балаларының мұғалімі мен мектеп басшысы жазаланатын болады. Мұндай шараны қабылдамасқа амал қалмады. Өйткені қаншама шаралар жасалып жатқанмен, ешқандай тоқтау болмай тұр.

4-сынып, 9-сынып, 11-сыныптарды бітіру, балабақшамен қоштасу секілді шараларды өткізуге, соған сәйкес ата-аналардан қаржыжинауға тыйым салынып отыр. Бұл — бір. Екіншіден, мектептер мен балабақшаларға ешқандай сыйлықтың қажеттілігі жоқ. Қазір біраз мектепте күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары басталып кетті. «Жұмыспен қамтужол картасы-2020»бағдарламасы аясында тек білім саласының өзіне ғана 7 миллиард 500 миллион теңге бөлініп отыр. Облыстағы 54 білім беру мекемесін жөндеуге байланысты конкурстар аяқталды. Яғни мектептерді жабдықтау, жөндеу мәселесін шешу ата-ананың ақшасына қарап тұрған жоқ.

Тағы бір айта кету керек мәселе, ата-аналардан (аты-жөндері көрсетілмеген) «мұғалімдерге сыйлыққа ақша жиналып жатыр» деген мазмұндағы шағымдар да көп түседі. Мұғалімдер бала оқытса, сол үшін мемлекеттен тиісті жалақысын алып отыр. Педагогтердің жалақысы өте жақсы. Орташа есеппен 80 мың теңге алатын мұғалімдер бар. Сондай-ақ кейбір педагогтердің еңбекақылары — 250-300 мың теңге. Сол себепті«мұғалімдерге сыйлық жасаймыз» деп сүйікті мұғалімдеріңізге кесірлеріңізді тигізбеулеріңізді сұраймыз, — деді Ләззат Оразбаева.

P.S.

Бұл мәселебалабақшаларға да қатысты. Мектепкедейінгімекемелерде де балабақшаменқоштасушарасыөткізілмейді. Ата-анадан ақша жиналмауға тиіс.

Мектепке дейінгі ұйымдардың мамырдың 25-інен бастап ашылып-ашылмауы өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Қосымша білім беру ұйымдарында үйірмелерді кезек-кезегімен ашуға рұқсат беріліп жатыр.

 Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button