Басты жаңалықтарМереке

Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Олыс әкімі  Оңдасын Оразалин Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерін құттықтады. Қарт ардагерлер Николай Пащенко, Нажимедин Аманбаев, Михаил Диденколардың шаңырағына барған өңір басшысы Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен арнайы құттықтап, қарияларға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын жеткізіп, өз атынан Алғыс хат табыстады.

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының ардагері Николай Пащенконың құрметіне үйінің ауласында  Жеңіс шеруі ұйымдастырылды.Әскери оркестр «Жеңіс күні» әнін шырқаса, 6655-әскери бөлімінің сарбаздары аулада сап түзеп, шерулетіп, соғыс ардагеріне әскери жоралғымен сәлем берді. Қария өз құрметіне арналған шеруді пәтерінің терезесінен тамашалады. Николай Пащенко 17 жыл  Ақтөбе ферроқорытпа зауытында еңбек еткен. 93 жастағы қарт – 19 мың қызметкері бар «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның соғысқа қатысқан көзі тірі жалғыз ардагері.

Бұған дейін ол бесінші қабатта тұрған. Дегенмен кіріп-шығуы қиынға соққандықтан, өткен жылы ERG акционерлері қарияға төменгі қабаттан екі бөлмелі пәтерді жиһазымен бірге сатып алып берді.Жеңістің 75 жылдығын ардагердің отбасы жаңа пәтерде мерекелік дастарқан басында қарсы алып отыр.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің дерегі бойынша, өңірде  тұратын 6795 соғыс және еңбек  ардагеріне облыстық бюджеттен 341 млн теңге көмек берілген. 29 майдангерге 1 млн теңгеден, ҰОС ардагеріне теңестірілген 1777қарияға 100 мың теңге, соғыс ардагерлерінің 222 жесіріне 50 мың теңге, 4988 тыл ардагеріне 30 мың теңгеден табысталды.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button