Басты жаңалықтарЭкономика

Жол картасы: 302 жоба жүзеге асырылып, 12 мың жұмыс орны ашылады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Ақтөбеге жұмыс сапарымен келді.
Сапар аясында Роман Скляр   «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының орындалуын, сондай-ақ   жергілікті  маңызы бар жол желілері  құрылыстарының  барысымен танысты.
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров өңірдегі жол  құрылысы,алдағы уақытта жүзеге асатын жоспарлар жөнінде баяндады.
Биыл жолдарды қалыпқа келтіру үшін жан-жақты шаралар қабылданды.  40,5 миллиард теңгеге 800 шақырым автожолды жөндеу жоспарда тұр. Облыста жұмыспен қамтудың жол картасы аясында  46 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді, бұл бағытта 302 жоба жүзеге асырылуда. Аталған  жобалар12 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, —деді облыс әкімінің орынбасары.
Үкімет делегациясы бұдан соң Батыс-2 шағын ауданындағы 6-7-9 қабаттан тұратын  110 пәтерлі тұрғын үй кешенінің  құрылысымен және Арынов көшесіндегі жол өткелінің жұмыстарымен  танысты. Тұрғын үй кешеніне балабақша,  сауда орындары, балалар шығармашылығын дамыту орталығы тұрғызылатын болады. Құрылыс  жұмыстарын «Нектар» мердігер компаниясы жүргізуде. Құрылыс биыл маусым айында аяқталады.

Сондай-ақ вице-премьер ұзындығы  696 метрді құрайтын Сельмаш аймағындағы  көпірдің құрылысын қарады. Жұмыс  2018 жылы басталған. Мердігер мекеме құрылысты  2020 жылдың соңында толық аяқтауға уәде беріп отыр.
Роман Скляр  бұдан соң, «Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы» (Астраханьға дейінгі) республикалық  маңызы бар автомобиль жолдарының   құрылысын бақылады.  Аталған шақырымдардағы жұмыстарды «Todini Costruzioni Generali S.p.A», «СПИК Аккорд», «Uniserv» ЖШС мердігер мекемелері атқаруда. Үкімет басшысының орынбасарына  «Todini Costruzioni Generali S.p.A» компаниясының директоры   Барыш Арслан, «СПИК Аккорд» басшысы Александр Пшеничный атқарылған жұмыстар бойынша баяндады.
Ақтөбе-Атырау республикалық маңызы бар жолдың 100-160шақырымдағы жұмыстың жоба  құны — 14 млрд теңге. Жол  жөндеу жұмысы кестеге сай жүргізілуде. 2021 жылы аяқталады деп күтіледі.
Аталған дәліздің құны 12,7млрд теңге болатын 160-220 шақырымдағы  екінші бөлігі 2020 жылдың қыркүйегінде аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар8,9 млрд теңге болатын  236-275 шақырымы мен құны 11 млрд теңгені құрайтын  275-330 шақырымдары биылғы жылы аяқталады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button