Билік

40-қа жуық өндіріс орны ашылады

Қалада биылғы жылдың күзіне дейін 40-қа жуық өндіріс орны ашылатын болады. Қала әкімі Архимед Мұхамбетов инвестициялық жобаларды қарау жөніндегі комиссияның кезекті мәжілісінде осылай деп мәлімдеді.

Құрамына қалалық бөлімдердің бастықтары, қалалық мәслихат депутаттары, басқа да мамандар енген комиссия бұған дейін екі мәжіліс өткізіп, 12 инвестициялық жобаны қараған. Соңғы мәжілісте 6 инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысы бойынша хабарламалар тыңдалды. Оның ішінде сауда-ойын-сауық кешені, ұяшықты бетон блоктарын өндіру зауыты, мұнай өңдеу және битум қондырғысы, көкөніс өсіретін жылыжай секілді құрылыстар жағдайы қаралды. Бұл құрылыстар пайдалануға берілсе, қалалықтар үшін мыңдаған жұмыс орны пайда болады. Биылғы жылы жалпы саны 10 мыңдай жұмыс орны ашылады.

Қала әкімі мектептер мен балабақшаларға жөндеу жұмыстарын жүргізу биылғы жылы да жалғасатынын айтты. Сондай-ақ, инженерлік жүйелерді жөндеу үшін республикалық бюджеттен 2 миллиард теңге сұралып отыр. Әсіресе, тұрғындарды ауыз сумен қалыпты қамтамасыз ету үшін «Ақбұлақ» АҚ жүйелерін жөндеуге басымдық беріледі.

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

One Comment

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button