Басты жаңалықтар

Санитарлық талаптар тексерілді

Сәрсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин төтенше жағдай кезінде халыққа қызмет көрсетуді тоқтатпаған қаладағы бірқатар мекемелерді аралады.

Алдымен облыстағы «Банк Центр Кредит» және «Қазпошта» АҚ филиалдарына барды. Бұл мекемелер тұтынушылар мен өз қызметкерлері арасында алшақтықтың болуы, дезинфекциялық құрылғыларды жиі пайдалану тәрізді талаптарды қатаң сақтап отыр, сондай-ақ олар ұсынатын қызметтердің 90%-ы онлайн режимі арқылы қашықтан көрсетіледі. Сайтты, мобильдік қосымшаларды пайдалана алмайтын зейнеткерлерге мекемеге барынша келмеуге тырысуға, санитарлық талаптарды сақтауға қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қазпошта» АҚ-ның сәлемдеме жіберу, тауарларды жеткізу сынды 100-ден астам  қызмет түрлері шектеусіз атқарылып отыр.

Облыс әкімі бұған дейін жабылған «Алматы көтерме базарының» төтенше жағдай кезінде жұмыс жасауына рұқсат берді. Санэпидемиологиялық  талаптардың орындау ережесі тексерілген соң, тұтынушыларға бірінші кезекте қажетті  өнімдерді сатуға рұқсат берілді. Облыс әкімі «Алия Centr» базарының да санитарлық ережелерді қаншалықты орындап отырғандығына көз жеткізді. Базар толықтай антисептик, дезинфекциялық құрылғылармен қамтылған. Сатушылардың медициналық бетперде, қолғап пайдалануыда тұрақты  бақылауда.

Өңір басшысы карантиндік талаптарды сақтамаған «Автотехцентр» ЖШС көлік жөндеу орталығы мен «D-сити» көлік жуу орындарына қатаң ескерту жасады. О.Оразалин сондай-ақ сервистікқызметкөрсетуорындарына да барды. Бұл мекемелерде азаматтардың медициналық бетпердесіз жүруі әрі залалсыздандыруға арналған заттардың болмауы сияқты бірнеше кемшіліктер байқалды.

Өңір басшысы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаеваға тексеру шараларын бұрынғыдан да күшейтіп, кемшіліктерді болдырмауды тапсырды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button