Жаңалықтар

Ақтөбе облысы аумағындағы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шектеу шараларының мерзімін ұзарту туралы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІНІҢ ҚАУЛЫСЫ
№ ПГСВ-16                                                                                                                     14.04.2020 жылғы

Ақтөбе қаласы

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
БОЙЫНША ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫНЫҢ МЕРЗІМІН ҰЗАРТУ ТУРАЛЫ
Мен, Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері Беркім-
баева Нұрсұлу Алтынбековна, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 сәуіріндегі №306 Жарлы-
ғын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 150 бабын, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика минис-
трінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Респуб-
ликасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидасының 2 және 6 тармағын басшылыққа ала отырып, Ақтөбе облысында коронавирустық инфекциялық жағдайларының тіркелуіне және көршілес шекаларас аумақтарда (РФ, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында) аурулардың тіркелуіне байланысты, сонымен қатар тұрғындар арасында оның кеңінен таралуын алдын алу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 29.03.2020 жылғы №ПГСВ-4 «Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласының аумағында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысының күші Ақтөбе облысының аумағында эпидемиология-
лық жағдай толық тұрақтанғанға дейін ұзартылсын.
2. Халықтың шаруашылық және өзге де қызметінің ерекше жағдайлары бар уақытша сипаттағы қабылданатын шектеу шараларын және санитариялық-эпидемияға қарсы кең масштабтық іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастыру.
3. Ақтөбе қаласының аумағында эпидемиологиялық ахуал толық тұрақтанғанға дейін карантин режимін қалдыру (05.04.2020 жылғы №ПГСВ-10 Қаулы).
4. Кәсіпкерлік объектілерінің қызметін қайта ашу Ақтөбе облысы әкімінің жанындағы жедел штабының шешімімен кезең-кезеңмен жүзеге асыру.
5. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері Н.БЕРКІМБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button