Құқық

267 тәртіп бұзушылық анықталды

Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

10 сәуірдегі ақпарат бойыншаоблыста тәртіп сақшылары төтенше жағдай режимін бұзудың 273 фактісінің жолын кесті, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 476-бабы бойынша (төтенше жағдай режимін бұзу) 251 бұзушылық тіркелді.

«Оның ішінде 58 адам қамауға алынды, 109 айыппұл салынды, 24 ескерту жасалды, 53 материал сотқа жіберілді, 7-еуі тоқтатылды», — дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

ҚР ӘҚБтК 478-бабы бойынша (төтенше жағдайкезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 22 бұзушылық анықталған, оның ішінде 12 айыппұл салынып, 9 адам қамауға алынған және бір материал сотқа жіберілген.

«Азаматтардың блок-бекеттерді заңсыз айналып өту фактілері де орын алып жатыр, мұндай бұзушылықтардың 16-сы анықталды, оның ішінде 4 адам қамауға алынды, 2 айыппұл салынды және 10 материал сотқа жіберілді», — деді Е.Сарқұлов.

Мысалы, 9 сәуір күні Атырау облысының 32 жастағы тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған, ол Байғанин ауданындағы Ақтөбе-Астрахань автожолында орналасқан магистральды блок-бекетті айналып өтіп, Ноғайты ауылына баруға тырысқан. Әкімшілік материал шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберілген.

Полиция департаменті қала тұрғындарын қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Осы іс-шаралардың барлығы инфекцияны таратпаудың алдын алу мақсатында өткізіледі. «Қауіпсіздік шараларын сақтауды, жеке қорғану құралдарын (маскалар мен медициналық қолғаптар) киіп жүруді, аса қажетсіз далаға шықпауды сұраймыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз», — дейді тәртіп сақшылары.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button