Құқық

Полиция дөрекілік танытса, хабарласыңыз

Облыста 6 сәуірде ерекше режимдегі карантин енгізілуіне байланысты облыстық полиция департаментінің жеке құрамы қала және облыс бойынша блок-бекеттерде күшейтілген режимде жұмыс жасап жатыр.

Маңызды мәселенің бірі — ішкі істер органдары қызметкерлерінің халықпен дөрекі сөйлесуіне жол бермеу.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері тарапынан құқықбұзушылыққа жол берілген жағдайда азаматтар полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының сенім телефоны — 52-16-91 — арқылы хабарласа алады. (Өтініш білдірген кезде өтініштің мәні, сауалнамалық деректер және телефон нөмірі көрсетілуі қажет). Бұл нөмір тәулік бойы жұмыс істейді. Сондай-ақ ватсап желісі бойынша 8-771-768-60-57 ұялы телефон нөміріне жазу мүмкіндігі бар.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің

өзіндік қауіпсіздік басқармасы.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button