Жаңалықтар

Қажетті өнімдер жеткізіліп жатыр

«Біз біргеміз»

Nur Otan партиясының коронавируске қарсы күресті күшейту, тұрғындарға көмектесу мақсатында Елбасы бастамасымен қолға алынған «Biz birgemiz» республикалық акциясы Шалқар ауданында да жалғасуда.

Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниевтің тапсырмасымен Nur Otan партиясының аудандық филиалы, аудандық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аса мұқтаж отбасылардың тізімін жасақтады. «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары аясында тұрғындарға антисептикалық құралдар, медициналық маскалар және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түлік  жеткізіліп жатыр. Бүгінгі күні Шалқар қаласы бойынша 54, ауылдық округтер бойынша 37 отбасына көмек көрсетілді.

Аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пен гигиеналық заттарды таратуға партия мүшелері, Jas Otan жастар қанатының жастары мен ерікті топтар белсенді түрде катысып жатыр. Акция «Есіктен есікке» қағидасы бойынша өткізіліп, барлық сақтық шаралары қарастырылды. Сонымен қатар тұрғындарға дезинфекция жұмыстарының маңыздылығы,  бетперде мен қолғап қолдану ережелеріне байланысты арнайы дайындалған парақшалар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Акцияға облыстық және Шалқар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшылары, ауылдық округтердің әкімдері және бастауыш партия ұйымдарының төрағалары өз үлестерін қосты.

 Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button