Жаңалықтар

Ерекше балаларға қайырымдылық көрсетті

2 сәуір — Халықаралық аутизм мәселесі жайлы ақпарат таратылатын күн. Осы күні «Грант Адал» ЖШС директоры Арыстанбек Жұмабаев Ақтөбе облысы бойынша аутизммен ауыратын балалардың ата-аналарының «Растемка» қауымдастығына қайырымдылық көмек көрсетті.

— Біз осындай қиын кезде көмекке екі есе мұқтаж жандарды, соның ішінде ерекше балапандарымызды ұмытпауымыз керек. Сондықтан біз «Растемка» қауымдастығының кеңсесіне барып, осы ұйымға мүше ата-аналардың барлығына дезинфекциялық құралдар тапсырдық. Әрине, бұл шараға балаларды да, ата-аналарды да шақырғанымыз жоқ, тек санаулы белсенді адамдарды ғана шақырдық. Олар өздері отбасыларға таратып береді. Біз бұл шара арқылы мұқтаж отбасыларға қамқорлығымызды көрсеткіміз келді. Бұдан былай аталған қауымдастыққа ұдайы көмектесіп отыруды өз жауапкершілігімізге алып отырмыз, —  дейді аталған серіктестік басшысы Арыстанбек Жұмабаев.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button