Басты жаңалықтар

Кәсіпкерлер елімізде бірінші болып залалсыздандыру туннелін жасап шығарды

Ақтөбелік жеке кәсіпкер Хайдар Ильясов елімізде алғашқы болып залалсыздандыру туннелін жасап шығарды.

Халық жиі жүретін жерлерде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілгені дұрыс. Бұл індеттің таралуына жол бермейді. Коронавирус инфекциясы басталған кезде залалсыздандыру құралын жасауды ойладық. Отандық өнімдерді пайдалана отырып, туннель құрастырдық. Бұның ерекшелігі, мәселен, сауда үйіне келген адам осы туннелдің ішімен өтіп, залалсызданады, яғни вирустан сақтанады. Кеше алғашқы өнімді сынақтан өткіздік. Облыс басшысы Оңдасын Оразалин жұмысымызды көрді. Ауруханалар мен халық көп баратын сауда орындарына осындай туннель орнату керектігін айтты. Жақын күндері қаланың өзіне жүзге жуық  туннель орнатпақ ойымыз бар. Тапсырыс берушілер тек шикізаттың құнын төлейді, — деді Хайдар Ильясов.

Кәсіпкер бұндай туннельді алғаш рет құрастырып отыр. Сондықтан әлі де жетілдіре түспек. Қазірдің өзінде облыстың Қобда, Темір аудандары мен Атырау, Алматы облыстарынан тапсырыстар түскен.

Хайдар Ильясовтың айтуынша, бұндай туннельден өтіп, өтпеу әркімнің өз еркі. Ешкімді күштеп өткізбейді. Ал дезинфекция жасайтын сұйықтықтың денсаулыққа зияны жоқ.

К.Сексенбайқызы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button