Жаңалықтар

Жүк көлік иелеріне рұқсат қағазы берілді

Төтенше жағдай

Тұрғындарға азық-түлік пен алғашқы қажеттілік тауарларын үзіліссіз тасымалдауды қамтамасыз етуде жүк көліктерінің маңызы зор. Төтенше жағдай мен шектеу кезеңінде олардың қозғалысында кедергілер болмау үшін мұғалжарлық кәсіпкерлерге арнайы рұқсат қағазы (пропуск) берілді. Бұл туралы бізге аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Рустам Ахметов айтып берді.

— Барлығы 23 кәсіпкерге рұқсат қағазын бердік. Олардың арасында «Ардақ», «Дана+», «Әйгерім», «АдСана», «Азия», «Әділет» сауда үйлері мен дүкендерінің қожайындары бар. Сондай-ақ, азық-түлікті Ақтөбе қаласынан сатып әкелетіндер де бар. Ал ауыл кәсіпкерлері аудан орталығынан тасиды ғой. Бұл шара төтенше жағдай мен шектеу кезеңінде тек қана аудан тұрғындарын азық-түлікпен, қажет тауарлармен қамтамасыз етуде ғана емес, сондай-ақ, шағын және орта бизнеске де көмектесетіні анық, — дейді бөлім басшысы.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button