Жаңалықтар

Облыс тұрғындарының бетпердемен қамтылуы — 88,7 пайыз

Облыс әкімдігі жанындағы жедел штабтың 31 наурыздағы мәліметіне сәйкес,  облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
Бүгінгі күні аймақта коронавирус инфекциясы анықталған 3 жағдай тіркелді. Қазіргі күні облыста стационарлық карантинде 225 адам жатыр. Оның  174-і — Ақтөбе қаласында, қалғандары — аудандарда.
Коронавирус инфекциясы анықталған 3 науқас жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр, жағдайлары тұрақты, температурасы және тынысы қалыпты.
Штаб мәліметіне сәйкес, тұрғындардың медициналық бетпердемен қамтамасыз етілуі  —  88,7 пайыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button