Жаңалықтар

Медициналық масканы заңсыз саудалағандар жауапқа тартылды 

Облыстық прокуратура елде жарияланған төтенше жағдай кезінде құзырлы органдардың жұмысын күшейтті.

Бұл мақсатта мобильді топтар құрылды. Айталық, соның нәтижесінде бүгінге дейін 9500 бетпердені заңсыз саудалағанның жолы кесілді. Аталған заң бұзушының барлық маскасы тәркіленіп, мемлекеттің кіріс көзіне аударылды. Іле-шала тәртіп бұзған азаматтың үстінен әкімшілік іс қозғалып, оған қылмыстық кодекстің 463-бабы бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл салынды.

Өңірде бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Айбек СЕРІКҰЛЫ. 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button