Құқық

Ішімдік ішіп көлік жүргізгендер бас бостандығынан айырылады

11 қаңтардан бастап көлікті мас күйінде жүргізген жүргізушілерге жауапкершілікті қатаңдату туралы заң күшіне енді. Енді бұрынғыдай тәртіп бұзғандар жеңіл жазамен құтылмайды, бас бостандығынан айырылады. Облыстық полиция департаменті осы мәселені жүргізушілерге тұрақты ескертіп келеді. Соған қарамастан облыста 27 дерек тіркелген. Мәселен, 28 ақпан күні Сәңкібай батыр даңғылы мен М.Шоқай көшесінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алады. Ваз-21093 автокөлігінің жүргізушісі екі автокөлікпен соқтығысқан. Медициналық тексеруден өткізгенде жүргізушінің мас күйінде көлік жүргізгені анықталды. Сонымен бірге бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы баптың санкциясына сәйкес ол төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан және өмір бойына көлік жүргізу куәлігінен айырылуы мүмкін. Осындай оқиға  Әскери қалашық ауданында да  болды. Полиция жасағы «Ауди А4»  автокөлігін тоқтатқан. Жүргізуші кінәсін мойындады. Қазір уақытша қамау изоляторында отыр. Облыстық полиция департаменті жүргізушілерге мас күйінде  көлік жүргізбеуді ескертеді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button