Басты жаңалықтарЖастар

Президенттік жастар кадр резервіне сенім мол

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Президенттік жастар  кадр резервінен іріктелген мамандармен жиын өткізді.

Басқосуға аппарат басшысы Нұржауған Қалауов, Мәртөк ауданының әкімі Ермек Кенжеханұлы, облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы  Қайрат Райымқұлов, облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Мақсатов, «AQTOBE HUB» өңірлік даму орталығы корпоративтік қоры» АҚ директорының орынбасары Әнуар Нұртазин және басқа да Президенттік жастар  кадр резервінен өтіп, лауазымды қызметтерге тағайындалған  мамандар қатысты.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесіне меритократия негізінде тек лайықты, білімді адамдар келулері керек. Кадрлар іріктеуде басқа қағидат болмауы тиіс. Тұтастай алғанда, бізге биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыру қажет», — деген болатын. Осы тұста сіздерге айтарым — әр қызметтің қиындығы мен талабы болады.  Қандай дәрежеге болмасын адам еңбектенудің арқасында жетеді. Тәжірибемен қатар, жеке қасиеттермен де ерекшеленуі маңызды», — деп атап өтті облыс әкімі.

Облыс әкімінің аппарат басшысы Нұржауған Қалауов өңірдегі мемлекеттік қызметтің жай-күйіне тоқталды. Облыс, қала және аудан әкімдіктерінің басшылық лауазымдарына «Мансаптық жоспарлау картасы» әзірленген.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың жалпы жасақталуы 94,8% құраған. Өз кезегінде бұл өңірдегі мемлекеттік қызметтің тартымдылығын көрсетуде.

Сондай-ақ, елге қызмет жасаудың жауапкершілігі мен талаптарына тоқталған облыс басшысы жастардан жаңашылдық, өзгеше жобалар күтетіндігін жеткізді.

Жиын барысында «AQTOBE HUB» өңірлік даму орталығы корпоративтік қоры» АҚ директорының орынбасары Әнуар Нұртазин  қоршаған ортаны  көгалдандыру,  автокөлік жолдары мен электрондық қоғамдық көлік саласын дамытуға қатысты жобаларымен таныстырды.

Облыс әкімі аталған ұсынысты бірнеше аудандарда  пилоттық жоба ретінде жүзеге асыруға болатындығын  айтты.

Бұл — облыс басшысының Президенттік жастар кадр резервінен іріктелген мамандармен екінші рет кездесуі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button