Басты жаңалықтар

Беларусь елінің инвесторлары алғыстарын білдірді

«Antikor Ortalygy» сервистік ғимаратында «Protecting Business and Investments» жобасы төңірегінде шенеуніктер мен жергілікті және шетелдік инвесторлар арасында ашық диалог ұйымдастырылды.

Өңірдің инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған кездесуде «Protecting Business and Investments»  жобасының кураторы, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Мирлан Мұхамбетов, сондай-ақ облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасы және «KazakhInvest» ҰК АҚ өңірлік өкілдігінің басшылығы қатысты.

2018 жылдан бастап елімізде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Protecting Business and Investments» жобасы жұмыс жасауда. Осы уақыт ішінде инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жөніндегі ондаған келісімге қол қойылды.

Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Түркия, Германия, Беларусь, Нидерланды, Швейцария, Словакия секілді мемлекеттерден келген инвесторлар, сонымен қатар жергілікті кәсіпкерлер облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сенім білдірді.

Жобаның тиімділігін заңсыз қосымша салық есептеу, жер қатынастары мен мемлекеттік сатып алу саласындағы әкімшілік кедергілерді қамтитын мәселелердің шешілуі растап отыр.

Өткізілген кеңес ауқымында нейрохирургия және травматология саласында жоғары технологиялық имплант бұйымдарды өндіруді жүзеге асыратын Беларусь Республикасының инвесторы «Қазмедбиотех» ЖШС, сондай-ақ газ толтыру станцияларын салумен айналысатын «PortImpex» ЖШС жергілікті инвесторымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қойылды.

Мирлан Мұхамбетов: «Біз алдағы уақытта да инвесторлардың қызметіне кедергі келтірудің әрбір фактісіне жедел және принципті түрде әрекет етуді көздеп отырмыз. Алдын алу шараларына назар аудара отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет инвестициялық жобаларға өзінің қатысуын бірден белгілейтін болады, бұл шенеуніктер үшін тежеуші фактор болуы тиіс» деп атап көрсетті.

Өз кезегінде Беларусь Республикасынан келген инвестор Дмитрий Клименок жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша проблемалық мәселелерді шешуге жедел жәрдем көрсеткені үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығына алғысын білдірді.

«Мәселені оң шешудің арқасында  облыс азаматтарының денсаулық сақтау жүйесіне медициналық мақсаттағы бұйымдардың инновациялық өндірісін тартуға жағдай жасалды, сондай-ақ ондаған жұмыс орны сақталып қалды», — деді инвестор.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button