Жаңалықтар

Ауланы тазалап, үй жинады

Nur Otan партиясы Байғанин аудандық филиалына қарасты «Жарқамыс ауылы» бастауыш партия ұйымындағы белсенді жастар қайырымдылық көрсетті.

Олар «Нұр-Шапағат Жарқамыс» ұранымен Толқынбековтер отбасына барып, тазалық жасады. Жігіттер жұмылып, аула ішіндегі қарды әп-сәтте тазалады. Ал қыздар шаң сүртіп, үйді жинады. Жастардың ісіне сүйсінген қариялар оларға ақ батасын берді.

Жарқамыс жастарының ізгі істері тек бұл ғана емес. Олар жылдың әр маусымында қоғамдық жұмыстарды белсеніп жасайды. Мысалы, көктемде тал егіп, ауылды абаттандыруға үлес қосады. Ауыл көшелерін күл-қоқыстан тазалауда да осы жастардың үлестері көп.

Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ

Басқа жаңалықтар

Back to top button