Жаңалықтар

Туған тіл — бірлік тірегі

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының мамандары көршілес Ресей еліндегі қандастарымыздың туған тілден ажырап қалмауына көңіл бөліп келеді.

Осы мақсатта 3-6 ақпан аралығында Орынбор облысындағы қазақ диаспорасының өкілдері Ақтөбеде болып, арнайы ұйымдастырылған қазақ тілі сабақтарына қатысты. Тілдерді оқыту орталығында оларға қазақ тілінен ашық сабақтар, шеберлік сағаттары, лингвистикалық тренингтер, ойын түріндегі сабақтар өткізілді. Соңынан қатысушыларға сертификаттар мен әдістемелік құралдар, оқулықтар табысталды.

Орынбордан келген қонақтардың бірі — Гүлзира Жалмұхамбетова:

— Адам өзінің тамырына, тегіне тартпай тұрмайды. Біз қазақ халқының дәстүрлерін, тілімізді, дінімізді сақтап, оларды жоғалтпай, өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізгіміз келеді, — дейді.

Орынборлық қазақтар Ақтөбенің көрнекті орындарын аралап, облыстық тарихи-өлкетану музейінде болды, сондай-ақ Әбу Насыр әл-Фарабидің — 1150 жылдық, Абайдың 175 жылдық мерейтойларына орай ұйымдастырылған шараларға қатысты.

И.ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button