Жаңалықтар

Психологиялық кітаптар таратылды

Көмекші басылым

Ақтөбе қаласындағы Ғ.Ақтаев атындағы орта мектепте «Bilim Foundation» қоғамдық қорының басқарушы директоры Берік Рақышев  «Денсаулық және өмірлік дағдылар» атты кітап топтамасын таныстырды.

Әлемге танымал психологтардың кітаптары қазақ және орыс тілдеріне аударылған. Бір топтамада 19 кітап бар.

— Біздің елімізде психология саласы енді дамып жатыр. Оның ішінде бала психологиясы күрделі. Ал аудармалар осы саладағы қиындықтарды шешуге мүмкіндік береді. Мектеп психологі оны қосымша құрал ретінде пайдаланады. Қазір Ақтөбедегі мектептерге  74 жиынтықты тегін ұсынып отырмыз, — деді Берік Рақышев.

Жиынтықта «Өз қалпыңнан айныма», «Бұзақы балалардан қалай қорғанамыз?», «Ашуыңды жеңе біл!», «Депрессия», «Сағың сынбасын!» деген кітаптар бар. Бұларда балалар күнделікті өмірде кездесетін келеңсіз жайттармен қалай  күресу керектігі айтылады. Кітаптардың жарық көруіне  «Samruk-Kazyna Trust»  әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қолдау білдірген.

Берік Рақышев кітаптардың пайдасы туралы жан-жақты айтып берді. Облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева алғысын білдірді.

Жиын соңында қор мен басқарма арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button