Құқық

Құқықтық сауаттылыққа назар аударылды

ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасы Ақтөбе бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Қайрат Зайыровтың ұйымдастыруымен Ақтөбе гарнизонының әскери полиция органдарының және әскери бөлімдер басшыларының қатысуларымен дөңгелек үстел өткізілді.

Ашық әңгімеде Ақтөбе гарнизонының әскери қызметшілері тарапынан жасалынған құқықбұзушылықтардың  деңгейі жоғары болып отырғандығы атап көрсетілді. Сондай-ақ, құқықбұзушылықты болдырмауға байланысты алдын алу шараларын қолдану мәселесі талқыланды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында тіркелген қылмыстық істерді тергеу кезінде туындайтын мәселелер жөнінде әңгіме қозғалып, қылмыстық іс бойынша куә және жәбірленуші ретінде жауап алынған тұлғалар, өздерінің құқықбұзушылықты болғандығын және көргенін жасырып, жауаптарын жалған көрсетуі нәтижесі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 420-бабында көрсетілген көрінеу жалған айғақтар бергені үшін жауапкершілікке тартылуға әкеліп соғатыны ескертілді.

Әскери бөлім басшыларына мерзімді әскери қызметшілер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер және офицерлер арасында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің әскери қылмыстық құқықбұзушылықтар және басқа да баптарын таныстырып, жиі дәріс сабақтарын өткізу жүктелді.

      Фархат ҒҰСМАНОВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button