Жаңалықтар

Мазор ақтөбелік кәсіпкерлермен кездеспек

Ақтөбеге Израильдегі «МASHAV» халықаралық ынтымақтастықты дамыту агенттігінің бизнес-кеңесшісі Наташа Мазор келді. Осы апта бойы ол ақтөбелік кәсіпкерлерді маркетингке және бизнес келіссөздерге оқыту бойынша бірқатар іс-шараларға қатыспақ.

— Біздің басты мақсатымыз — облыстың экономикалық әлеуетін күшейту, сондай-ақ шағын және орта бизнес деңгейін арттыру. Барлық жоспарланып отырған кездесулер қатысушылар үшін пайдалы болады деп үміттенеміз. Олар өз тауарларын сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті ете алады, — деп атап өтті облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы Анар Даржанова.

Наташа Мазордың маркетинг пен сауда-саттық саласында 20 жылдық тәжірибесі бар. Оның бизнес иелерін оқыту және қолдау моделін құруда өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан. Бұл модельдің басты құндылығы — алгоритмдік және адамгершілік. Нақты тұжырымдалған іс-қимыл бағдарламасы кәсіпкердің жеке қасиеттерімен табысқа жетуіне көмектеседі.

«Мен нетворкермін, яғни өзгелерге байланыстары мен қабілеті, сондай-ақ өз қалауымен көмектесетін адаммын. 10 жылдан астам уақыт бойы әртүрлі форумдарда нетворкингті түсіндіріп келемін. Шағын және орта бизнес иелерін біріктіретін «Networking» тобының жетекшісімін. Менің мақсатым — шағын бизнес иелеріне тиімді құралдарды игеруге көмектесу және оларды бизнес үшін пайдалануды үйрету», — дейді «MASHAV» агенттігінің бизнес-кеңесшісі Наташа Мазор.

«MASHAV» — білікті мамандарды даярлау және заманауи технологияларды беру арқылы жаһандық экономикалық-әлеуметтік дамуда өзіндік орны бар ұйым. Мазордың дүниежүзінде, соның ішінде елімізде шәкірттері бар.

Айта кетейік, танымал бизнес-кеңесші Наташа Мазормен кездесу 6 желтоқсан күні сағат 10.00-де «Зере» мейрамханасында өтеді. Форумға сауда-саттық пен қызмет көрсету салаларындағы менеджмент тақырыбы арқау болмақ.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button