Жаңалықтар

Облыстық экономикалық тергеу департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Сейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин аппарат отырысында көпшілікке жаңа лауазым иесін таныстырды. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың бұйрығымен ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті Ақтөбе облыстық экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып Жеңіс Елемесов тағайындалды.
Жеңіс Елемесов Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Ресей халық шаруашылығы және РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын Алматы облысы бойынша қаржы полициясының экономикалық қылмыстарды анықтау басқармасында инспектор болып бастаған. Одан кейін Алматы облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу басқармасы қаржылық қылмыстарды ашу бөлімінің басшысы, Астана қаласы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) арнайы басқарма басшысының орынбасары — жедел қызмет бөлімінің басшысы, Астана қаласы бойынша қаржы полициясы бастығының орынбасары, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сотқа дейінгі тергеу, ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің тергеу департаменттерінің басшысы қызметтерін атқарған.
Жиында облыс әкімі Оңдасын Оразалин Жеңіс Елемесовтің жаңа қызметіне сәттілік тілеп, жұмысты абыроймен атқарады деген сенімін білдірді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button