Құқық

Судьялар қатары толықты

Облыстық сот төрағасы Сәкен Абдолла облыстың сот корпусына жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылдың 2 қазанындағы Жарлығымен Ақтөбе қалалық сотының судьясы лауазымына Илиада Досова, Мереке Сабырбаева, Ақтөбе қаласының №2 сотына Сандуғаш Ізбағамбетова, Саят Ташымбаев, сондай-ақ Байғанин аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылған Жанас Қуанышев тағайындалды.

Облыстың аудандық соттары жаңа кадрлармен толықты. Мұғалжар аудандық сотының судьялары лауазымына Ұлболсын Айтжанова, Рамазан Құстанов, Шалқар аудандық сотының судьялығына Дархан Исабек қызметке кіріспекші.

Жаңадан тағайындалған судьялар өз міндеттерін әділ және адал ниетпен орындауға, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңына бағынуға, сот міндетінің тапсырысы бойынша бейтарапты болуға салтанатты түрде ант берді.

Жаңа лауазымға тағайындалған судьялардың сот, құқық қорғау, органдарында және заңгерлік практикасында айтарлықтай тәжірибелері бар.

Сәкен Абдолла әріптестерін құттықтай отырып, оларға сот төрелігін жүзеге асыруда заң мен ар-ожданды басшылыққа ала отырып, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда, мемлекет игілігі үшін жұмыс жасауда сәттілік тіледі. Сондай-ақ, жаңадан тағайындалған судьяларға Судьяның әдеп кодексін табыстады.

 Н.ДАБЫЛОВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button