Құқық

Тәртіп сақшылары жол ережесін сақтауға шақырды

Акция

Елімізде 1 қыркүйектен бастап балалар арасында болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Абайлаңдар, балалар!» атты республикалық акция басталды.

Ақтөбе қаласында күн сайын жол-патрульдік полиция қызметкерлері қала мектептерінің маңындақауіпсіздік ережелерін түсіндіруде.

— Аталған акция жол ережелерін сақтау, балалар арасында жол-көлікоқиғаларын болдырмау мақсатында жаңа оқу жылынан бастау алды.

Тәртіп сақшылары таңертең, түсте және кешкі уақыттарда мектеп маңында, жаяу жүргіншілер жолдарында қадағалау жүргізіп, арнайы бақылауға алады, — дейді жол-патрульдік полиция батальонының взвод командирі Ануар Ыбрайов.

Акцияның бір ерекшелігі — жол жүру ережелерін сақтап, көлікте қауіпсіздік белдігін таққан немесе балаларға арналған автокресло орнатқан жүргізушілерге және олардың балаларына циркке тегін билеттер сыйға тартылды.

— Біз Ресейдің Красноярск қаласынан келіп тұрмыз. 14 қыркүйекте Ақтөбе қаласында «Грант» циркұжымының премьерасы өтті. Бағдарлама әр жексенбі сайын 6 қазанға дейін жалғасады. Алғашқы екі қойылым билеттері Ақтөбе қалалық әкімдігі ұсынған тізім бойынша аз қамтылған және жетім балаларға үлестірілді. Бүгін жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен бірге акцияға қолдау білдіріп, жол ережесін мұқият сақтаған жүргізушілерге тегін билет беріп жатырмыз, — дейді аталған цирк ұжымының әкімшісіМихаил Нежанский.

Циркке билет алу мүмкіндігіне ие болған қала тұрғындарының бірі — Ботагөз Құлыбекова. Ол ата-ана ретінде балаларының жолдағы қауіпсіздігіне аса сақтықпен қарайтынын айтты.

— Балаларға үнемі жолда жүру ережелерін үйретіп, ескертіп отыру керек.  Жолдың арғы бетіне өту үшін де жауапкершілік қажет. Себебі бұл сіздің және жүр­гізушінің, сон­дай-ақ айналаңыздағылардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан жүргінші де, жүргізуші де жол жүру ережелерін сақтауы тиіс.

Өзім он екі жылдан бері көлік жүргізіп келемін. Жолдағы, көлік ішіндегі ережелерді қатаң бақылаймын, — дейді ол.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button