Жаңалықтар

Министрліктің алғысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтен облыс әкімі Оңдасын Оразалинге жеделхат келді. Онда былай делінген:

«Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің ағымдағы жылғы 29 маусымдағы Түркістан облысы Арыс қаласындағы жұмыс сапарының қорытындысы бойынша берілген хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында жергілікті атқарушы органдары тарапынан Арыс қаласындағы балалардың демалысын ұйымдастыру үшін қала сыртындағы лагерьлерден 4 715 балаға, оның ішінде Ақтөбе облысының әкімдігінен 200 орын бөлінді. Барлық балалар лагерьлерде демалу барысында қажетті киімдермен және жеке гигиеналық заттарымен қамтамасыз етілді.

Қазіргі таңда өңірлердің балаларды сауықтыру лагерьлерінде демалған барлық балалар Арыс қаласына, үйлеріне жеткізіліп, жаңа оқу жылына кірісті.

Осыған орай министрлік аталған оқиғаға ортақ болып, балалардың қызықты және мазмұнды сауықтыру демалысын ұйымдастырғаныңыз үшін Сізге шын жүректен алғыс білдіреді».

Басқа жаңалықтар

Back to top button