Жаңалықтар

Балалар сыйлық алып, кино көрді

Мектепке жол

 Облыстық үкіметтік емес ұйымдар ассоциациясы, былтыр ғана құрылған «Шаңырақ» қоғамдық қоры және облыстық ішкі саясат басқармасы өкілдері «Мектепке жол» акциясына атсалысып, бір топ балаға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Әуелі ертегі, мультфильм кейіпкерлерінің бейнесіндегі аниматорлар жиналған балалармен ойын ойнап, көңіл күйлерін көтерді. Одан соң акцияға атсалысқандар аз қамтылған отбасыдан шыққан 46 балаға оқу құралдары салынған сөмкелер таратты.

Осы шараның басы-қасында жүрген «Шаңырақ» қоғамдық қорына көмектесетін еріктілердің бірі Еділ Аймағанбетов:

  • Былтыр да бұл шараға атсалыстық. Осындай мектепке балалар даярлау маусымында біздің қор 210 балаға оқу құралдары салынған рюкзак берген едік. Биыл барлығы 260 рюкзак үлестіріппіз. Мәселен, біреуге қолұшын беруге ниет білдірген кез келген адам біздің қоғамдық қордың жұмысына қатыса алады. Демеушілер де, еріктілер де халықтың өз арасынан табылады ғой. Әркім қолындағы барын береді, — дейді.

Ішіне оқу құралдары салынған сөмкелерге ие болып, көңілденген балаларға сосын «Кинопарк» кинотеатрында мультфильмнің тегін көрсетілімі ұйымдастырылды.

 Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button