Жаңалықтар

Әскери авиациялық техника Ақтөбеге келді

Қазақстандық әскери ұшқыштар халықаралық әскери ойындар аясында Ресей Федерациясында өтетін «Авиаартс — 2019» байқауына қатысады.

Қазақстанның құрама командасы байқауға әуе кемелерімен барады. «СУ-30СМ»,

«СУ-25» жойғыш ұшқыштары мен «Ми-35М», «Ми-171Ш» әскери авиациясының тікұшақтары ұшқыштарына тұрақты орналасу орнынан байқау өтетін жерге дейін үш мың километрден астам қашықтықты еңсеру қажет. Ұшқыштардың демалуына және авиациялық техникаға қызмет көрсетуге арналған шеткі нүкте — Ақтөбе қаласының әуеайлағы.

Жауынгерлік машиналарды «Ақтөбе» әуеайлағында ұшқыштарды әуе қорғанысы күштері әскери институтының жеке құрамы қарсы алды. Олардың міндеті — әскери машиналарға қызмет көрсету, оларды одан әрі ұшуға дайындау.

Айта кету керек, жедел жойғыш ұшқыштар жерге тегіс тиеді,олардың соңынан инженерлік-техникалық құрам мен авиациялық техникаға қызмет көрсетуге арналған жерүсті жабдықтарын тасымалдайтын тікұшақтар мен «АН-26»,«С-295» әскери-көліктік ұшақтары қонады. Оларды жауынгерлік машиналарды басқаруға үйреткен оқытушылар мен нұсқаушылар қарсы алады.

Аталған байқауға құрамында майор Ермек Мұханов, капитан Александр Орел және аға лейтенант Нұржан Нұрбаев басқарған«Су-30СМ» көп мақсатты жойғыш экипажы қатыспақ. Олар аталған байқауға алғаш қатысып отырған жоқ. Өткен жылы қазақстандық майдан және армия авиациясының ұшқыштары жүлделі орындарға ие болған.

Айта кету керек, аталған байқау 3-17 тамыз аралығында Ресей Федерациясының Рязань облысында өтеді. Оған Беларусь, Қазақстан, Қытай және Ресей Федерациясының командалары қатысады.

Әуе қорғанысы күштері әскери институтының баспасөз қызметі. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button