Жаңалықтар

Жол сапасы қатаң бақылауда

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тікелей тапсырмасы бойынша «Ақтөбе қаласы оңтүстік айналма жолының» сапасын тексерді, — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімінің орынбасары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» мамандары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысымен бірге облыстық маңызы бар жолдардың сапасын бақылауға алды.

Қайрат Бекенов тексеру кезінде сапаның жобалық сметалық құжаттарда көрсетілген талаптарына сай екендігіне көз жеткізді. Бұдан былай «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» мамандарымен бірге мұндай тексерулер жоспар бойынша айына бір рет жүргізілетін болады. Осыған дейін Ойыл-Қобда жолдарын тексеру нәтижесінде кемшіліктер анықталып, мердігер мекемеге оны қалыпқа келтіру үшін ескерту берілген.

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары «Ақтөбе қаласы оңтүстік айналма жолына» орнатылған жылдамдық белгілеріне қатысты олқылықтардың қалыпқа келгенін жеткізді. Ол аталған кемшіліктерді әлеуметтік желі арқылы көрсетіп, мамандардың жұмысын сынға алған ақтөбелік белсенді тұрғындарға алғысын білдірді. Сондай-ақ мұндай кемшіліктердің алдағы уақытта қайталанбауы үшін жауапты мамандарға қатаң ескерту жасады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button