Жаңалықтар

Өңдеу өнеркәсібін дамыту қажет

Облыс әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов жұмыс сапарымен Хромтау ауданына барды.

Іссапар барысында Дөң ауылында салынған мектепке жолдың болмауын назарға алып, Хромтау қаласындағы жаңа 22-шағын ауданның даму перспективасымен және орталық саябақтың қайта жаңартылуымен танысты.

Сонымен қатар алдағы уақытта оңалтуды қажет ететін тоқтап тұрған «Ақтөбе нан өнімдері комбинаты» ЖШС макарон өнімдерін өндіретін кәсіпорнын және «Newmay Ceramics» керамикалық плитка өндіретін зауытын аралады.

«Хромтау ауданы зор әлеуетке ие. Алайда аудан экономикасы тау-кен өнеркәсібіне байланысты. Өңдеу өнеркәсібі дамымаған, оның аудан өнеркәсібіне қосқан үлесі 1% ғана құрайды. Сондай-ақ «Дөң тау-кен байыту комбинаты», «Восход» компаниялар тобы, «Ақтөбе мыс компаниясы» сияқты ауданның ірі кәсіпорындарының айналасында шағын және орта бизнес компанияларының белдеуі құрылмайды. Осы мәселелерді аудан басшылығы кешенді шешу керек», — деп атап өтті О.Смағұлов аудан әкімдігінің ұжымымен өткен кеңесте.

Жиын қорытындысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты басқа да бірқатар тапсырмалар берілді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button