Экономика

99,2 миллиард теңге көлемінде несие берілген…

Тұрғын үй

Өңірде тұрғындар тарапынан ипотекалық несие рәсімдеу көрсеткіші артып отыр. Соның ішінде баспана алу жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар операторларының бірі — «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы заем рәсімдеушілер көбейген.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Ақтөбе филиалы жұмыс істей бастаған уақыттан бері тұрғындарға жалпы сомасы 99,2 миллиард теңге болатын  12 578 несие берген. Жыл сайын аталған банк арқылы несие рәсімдеуге ниет еткендер саны артып келеді. Мәселен, 2016 жылы 9,4 млрд теңгеге 1734 несие берілсе, 2017 жылы 16,3 млрд теңге болатын 2458 заем рәсімделген. Өткен жылы тұрғын үй жайын жақсартуға ниет еткен 3857 адам 27 млдр теңге көлемінде несие алған.  Биыл жыл басынан бергі алты айда жалпы сомасы 11,1 млрд теңге болатын 1419 заем рәсімделді.

Банктің «Өз үйім» жеке бағдарламасы аясында біздің филиал облыстағы 17 құрылыс компаниясымен іскерлік жөнінде меморандумға қол қойған-ды. Осы келісімдердің аясында 5,1 миллиард теңге көлемінде 606 несие рәсімделді.  

Ал мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған уақыттан бері 2 194 қоныс тойы тойланды. Соның ішінде 52 тұрғын үй сатып алу құқымен жалға берілді. Ал жыл басынан бері «Нұрлы жер» аясындағы тұрғын үй құрылысы нысандары бойынша бюджетке  3,7 миллиард теңге көлемінде қаржы аударылды. Бүгінде 15 нысан бойынша банк салымшыларына пәтер беру жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр, оның ішінде 13 үй пайдаланылуға берілді, қалған екі үй — 2-шағын аудандағы 14-інші және 4-шағын аудандағы 17-інші үй әзірге пайдаланылуға берілген жоқ. Биыл жоспар бойынша мемлекеттік «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы бойынша 1341 пәтерден тұратын 27 үй беріледі, — дейді аталған банктің қызметкері Мақсат Зайтов.

«Өз үйім» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға болатын құрылыс компаниялары тізімі: 

  1. «Актобестрой-Инвест» ЖШС
  2. «Нектар» ӨК
  3. «Сконур» ЖШС
  4. «GrandComplex» ЖШС
  5. «СМП Групп» ЖШС
  6. «InvestStroyLtd» ЖШС
  7. «BIR Grоup» ЖШС
  8. «Завод Светотехника W» ЖШС
  9. «Урынбасаров К.И.» ЖК
  10. «СаулетҚұрылыс Сервис -2007» ЖШС
  11. «Застройщик» ЖК
  12. «Байтерекдевелопмент» АҚ
  13. «АктобеСаулет» ЖШС
  14. «ХибаНаз» ЖШС
  15. «СК Актобе 2010» ЖШС
  16. «Мизам» ЖШС
  17. «Соллерс» ЖШС

Оған қоса облыста «Сатып алу құқығымен жалға беру» жөніндегі аймақтық бағдарлама да жүзеге асырылып келеді. Осы мақсатта аталған банк пен облыстық әкімдік арасында келісімге қол қойылған. Бұл құжатқа сай, әкімдік тұрғындарға алдын ала банк талаптарына сай келе ме, жоқ па — осындай рәсімдерден өту үшін жолдама береді, содан соң үміткер баспанаға қол жеткізе алады. Алдымен пәтер жалға беріледі, кейін тұрғын үй заемын рәсімдеу арқылы оны сатып ала алады.

— Бұл бағдарлама бойынша пәтерлер жергілікті атқарушы орган жүзеге асыратын тұрғын үйден беріледі. Екі жақты келісімге сай, биыл 211 отбасы баспанамен қамтылды. Олардың қатарында 97 жас отбасы, 52 әскери қызметші, 62 аз қамтылған отбасы бар. Оған қоса аталған келісім аясында жалпы сомасы 79 миллион теңге болатын 120 тұрғын үй сертификаты берілді. Жергілікті атқарушы органда кезекте тұрған азаматтарға несие беру, 41 миллион теңге көлемінде 50 тұрғын үй сертификатын беру жұмыстары жүргізіліп жатыр, — дейді Мақсат Зайтов.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button