Жаңалықтар

Балық қорғау — басты назарда

2019 жылдың басынан бастап 25 маусымға дейін облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы тарапынан балық қорғау заңнамаларын бұзушылық жасаған заңбұзушыларға 49 әкімшілік хаттама толтырылды,  барлық  заң бұзушылар жауапқа тартылды.

Салынған әкімшілік айыппұлдар жалпы сомасы  631250  теңге құрады, заң бұзушылардан 2 бірлік жүзу құралы (қайық), 33 бірлік балық аулауға көзделмеген  синтетикалық полиамидтік моно жіптен тоқылған  құрал алынды.

Балық ресурстарына келтірілген залал үшін  жалпы сомасы 4107574,75 теңгеге талап арыз берілді.

Облыс аумағында өсімдіктер және жануарлар дүниесі объектілерін қорғауға арналған бірлескен іс-шаралар  бойынша  құқық қорғау органдарымен, Nur Otan партиясы филиалы өкілдерімен бірлескен рейдтер жүргізілуде.

Сонымен қатар, инспекция қызметкерлері тұрақты түрде әуесқой балық аулаушыларға балық қорғау заңнамасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Н. ДҮЙСЕНОВ,

«Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ балық шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button